18 нау, 2019 сағат 18:33

Алматы облысындағы түрмеде кісі өлімі болды

Алматы облысындағы қауіпсіздік деңгейі жоғары түзету мекемесінің бірінде жанжал шығып, салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

«17 наурыз күні Алматы облысындағы қауіпсіздігі жоғары мекемеде жанжал шығып, соңы төбелеске ұласты. Төбелес кезінде жазасын өтеушілердің бірі екіншісіне өткір зат сұғып, дене жарақатын салды. Соның салдарынан жарақат алған адам мерт болды» делінген хабарламада.  

Түрме басшылығы қазір төбелеске не себеп болғанын тергеп жатыр. Сонымен қатар, қызметтік тергеу барысында сотталған адам қару ретінде пайдаланған өткір затты қайдан алғаны анықталмақ.

Ведомствоның баспасөз қызметі атап өткендей, бұл жайт сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне енгізілді.