#
#
Бейсенбі 21/11/2019

Алматы облысындағы Қытай кәсіпорнына шабуыл жасалды: оқиғаның мән-жайы

  • 14.10.2019
  • 0
  • 225

Алматы облысының полицейлері Қытайдың кәсіпорнына қарулы шабуыл жасаған қылмыстық топты ұстады, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

10 қазан, жұма күні таңертең маска киген белгісіз біреулер Іле ауданы Өтеген батыр ауылындағы кәсіпорынға шабуыл жасаған. Олар 37 жастағы есепші – Қытайдың азаматын соққыға жығып, пышақпен қорқытып, 3 миллион 200 мың теңге ақшаны қолды еткен.

"Тәулік бойы Іле ауданы мен облыстық полиция қызметкерлері бірлесе, алты күдіктіні анықтады. Олардың екеуі – 1995 және 1996, ал төртеуі 2000 жылы туған. Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облысының тұрғындары. Пышақ пен ақшаның бір бөлігі қылмыстық тергеу материалы ретінде қарастырылады", - деп хабарлады Алматы облысы полициясының баспасөз қызметі.

Қылмыстық кодекстің 192-бабы 3-бөлігіне ("Қарақшылық") сәйкес, сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полициядағылар қылмыстық топтың әрбір мүшесінің өзінің рөлі болғанын айтты. Біреуі сол кәсіпорында жұмыс істеген. Екіншісі көлікте күткен, ал өзгелері шабуыл жасаған. Қазіргі уақытта күдіктілердің өзге қылмысқа қатысы тексеріліп жатыр.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар