11 там, 2017 сағат 15:04

Алматы облысында жаңа Нарынқол ауданы құрылады

Алматы облысында жаңа ауданды құру туралы мәселе қаралды. Бұл турарыл ҚазТАГ хабарлады. 

Бейсенбідегі облыстық маслихаттың отырысында үкіметке сәйкесінше ұсыныс беру туралы шешім қабылданды. 

«Қазақстан Республикасының Үкіметіне Алматы облысының құрамында әкімшілік орталығы Нарынқол ауылы болатын  және Алматы облысы Райымбек ауданынан жер бөлу арқылы жалпы ауданы 711 937 гектар болатын жаңа аудан құру туралы ұсыныс берілсін», - делінген маслихаттың шешімінде. 

Аталып өткендей, республикалық ономастикалық комиссияның қарауына жаңадан құрылған ауданға «Нарынқол» атауын беру туралы ұсыныс жіберілді.