#
#
Сейсенбі 18/06/2019

Алматы облысында үш мектепке қазақ зиялыларының есімі берілді

  • 13.06.2019
  • 0
  • 591

Алматы облысының Панфилов ауданындағы үш мектепке қазақ зиялыларының есімі берілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Панфилов ауданы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Панфилов ауданында бұрынғы А. Луначарский атындағы орта мектеп-гимназияға даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының есімі берілді. «Көктал орта мектебі» мектепке дейінгі шағын орталығы мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың атымен аталатын болды. Сондай-ақ, Сәтжол орта мектебіне алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың есімі берілді. 

«Қазіргі уақытта Үкіметтің арнайы қаулысы шықты. Енді аудан әкімшілігі тарапынан атқарылатын тиісті жұмыстарды атқарып жатырмыз», - деді аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы Арман Юсупов.

Айта кету керек, бүгінде Панфилов ауданында орта білім беретін 50 мектеп бар.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар