23 мам, 2018 сағат 18:14

Алматы облысында тағы бір ауданға жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысы әкімінің өкімімен Жандарбек Ермекұлы Далабаев Қарасай ауданының әкімі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетсек, Жандарбек Ермекұлы ДАЛАБАЕВ 1959 жылы туған. Қазақтың С. Киров атындағы мемлекеттік университетін және Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік институтін философия оқытушысы, зооинженер мамандықтары бойынша бітірген. 

Еңбек жолын «Қастек» мемлекеттік асыл тұқымды қой зауытының № 2 бөлімшесінде шопанның көмекшісі болып бастаған.

Әр жылдарда «Октябрьдің 60 жылдығы» атындағы асыл тұқымды қой зауыты комсомол комитетінің босатылған хатшысы, Жамбыл аудандық партия комитетінің үгіт және насихат, идеология бөлімдерінің нұсқаушысы, жалпы бөлімнің меңгерушісі, «Салқын-Саз» АШК төрағасының орынбасары, бас зоотехнигі, «Қастек» мемлекеттік асыл тұқымды қой зауытының аға зоотехнигі-селекционері, «Прогресс» кеңшары директорының орынбасары. Жамбыл аудандық «Маркетинг және менеджмент орталығы» ЖШС директоры, аудандық «Отан» партиясы ұйымының консультанты, аудан әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, аудан әкімі аппаратының басшысы, Ұзынағаш ауылындағы Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп директоры, аудандық мәдениет және спорт бөлімі бастығының м.а., аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімі, облыстық білім басқармасының басшысы, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары болды. 
2014 жылдың тамыз айынан - Жамбыл ауданының әкімі. 

Алматы облысы әкімінің өкімімен Махаббат Сәдуақасұлы Бигелдиев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қарасай ауданының әкімі қызметінен босатылды.