01 сәу, 2020 сағат 14:51

Алматы облысында коронавирус жұқтырған әйел Қарасай ауданының тұрғыны болып шықты

1 сəуір сағат 16:50-дегі жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы бір адам тіркелген еді. Ол - Алматы облысының тұрғыны, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Науқас - 1959 жылы туған әйел. Қарасай ауданы «Асыл арман» тұрғын үй кешенінде тұрған. Қосымша ақпарат тағы беріледі» делінген Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің хатшысы Ғалымұрат Жүкел жіберген хабарламада. 

Айта кетейік, Алматы облысы бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны осымен 9 адамға жетті. Елімізде барлығы 372 жағдай тіркелген.