14 қаң, 2020 сағат 14:17

Алматы облысында із-түзсіз жоғалып кеткен жасөспірімдер табылды

Алматы облысының полиция қызметкерлері із-түзсіз жоғалып кеткен Елизавета мен Виталия Луниндер табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Белгілі болғандай, 12 қаңтардан бастап полиция, еріктілер, мектеп мұғалімдері және ауыл тұрғындары іздеген інісі мен әпкесі туған ауылы Ортатөбеден табылды.

«Тұрғындар сол ауылдағы Ш.Уәлиханов көшесінде екі жасөспірімді көргендерін хабарлады. Ювеналды полиция инспекторлары, еріктілер мен мұғалімдер тобы қоңырау түскен жерге тез арада жетіп, балаларды үйге алып келді. Екеуі де аман» - деп хабарлады Алматы облысының ПД баспасөз қызметінде.

Еске сала кетейік, балаларды іздеу жұмыстары екі тәуліктен бері жүргізіліп келді. Жасөспірімдердің екеуі, әпкесі мен інісі, аналарына хат жазып, үйден шығып кетіп, қайта оралмаған.