#
#
Сейсенбі 22/08/2017

Алматы облысында «ЭКСПО Кубогы» бәйгесі өтті

  • 11.06.2017
  • 0
  • 299

Бүгін Астана қаласының «Қазанат» ипподромында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесіне бәйге түрлерінен «ЭКСПО Кубогы» өтті, деп хабарлайды"Ұлт ақпарат" облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарысқа еліміздің 14 облысы мен Алматы, Астана қалаларынан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия және басқа да шет мемлекеттерден жалпы саны 150 ат қатысты.

Тұлпарлар жарысы құнан бәйге, топ бәйге, жорға жарыс, ұшқыр аттар жарысы, аламан бәйге түрлерінен өтті. Ұшқыр аттар жарысының жүлде қоры 63,6 млн. теңгені, бәйге түрлері бойынша 36 млн. теңге құрады. Жарыстың қорытындысында құнан бәйгеде Алматы облысының «Доран» атты жүйрігі озып шықса, топ бәйгеде де жетісулық «Сүлікқарасы» мәре сызығын бірінші болып кесті, ақмолалық М. Мұстафаевтың «Эльвутзет» тұлпары жорға жарыста өзгелерден оқ бойы озық шықты. 25 шақырымдық аламан бәйгенің бірінші жүлдесін Атырау облысынан келген Д. Мырзахановтың «Желқанат» атты жүйрігі иеленіп, 10 млн. теңге ақшалай сыйлыққа ие болды. Жалпы жарыстың барлық түрлерінің әрқайсысынан бес орынға бәйге беріліп, жеңімпаздардың барлығына ақшалай жүлделер ұсынылды.  

Сонымен қатар жарыс арасындар теңге ілу, жамбы ату, қыз қуу, тазы иттер жарысы сияқты спорт түрлерінен ойындар көрсетілді.  

Жалпы, шараның ұйымдастырушылары қатарында Алматы облысының әкімдігі де бар екенін атап өту керек. 

0 пікір

Пікір қалдыру

БАННЕР