24 мам, 2020 сағат 18:36

Алматы облысында бір жасқа толмаған сәбиден коронавирус табылды

Соңғы тәулікте Алматы облысында тағы 6 адам індет жұқтырған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгін Алматы облысында коронавирус инфекциясының тағы 6 жағдайы тіркелді. Атап айтқанда, Талдықорған қаласы мен Ескелді және Талғар аудандарының әрқайсысында 2 фактіден анықталды. 

Пациенттер 1950, 1989, 1989, 1995, 1996, 2020 жылы туған. Оның төртеуі - бұған дейін вирус жұқтырғандармен байланыста болғандар, қалған екеуінің сырқаты профилактикалық тексерілу барысында белгілі болды.

Сырқаттардың барлығы оқшауланып, қазір инфекциялық бөлімге ауыстырылған. Эпидемиологиялық зерттеу жалғасуда. 

24 мамырдағы жағдай бойынша Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны 284 болды.