#
#
Бейсенбі 09/04/2020

Алматы облысында бір тәулікте төтенше жағдай режимін бұзған 12 адам ұсталды

  • 25.03.2020
  • 0
  • 96

Бір тәулікте Алматы облысындағы блок-бекеттерде төтенше жағдай режимін бұзған 12 адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, құқық бұзушылар өткен тәулікте Алматы қаласына іргелес тосқауыл-бекетте ұсталған. Олардың ішінде айналма жолмен өтуге тырысқан азаматтар да бар. Олар бірден анықталды. 

«Азаматтар бұрынғысынша арнайы блок-бекеттерді түрлі амал арқылы айналып өтуге тырысуда. Бұл ретте, олар агрессия, қарсылық және полиция өкілдерінің заңды талаптарына бағынбауға дейінгі сан қилы тәсілдерді қолдануда. Алайда, төтенше жағдай режимін бұзу немесе төтенше жағдайдың жариялануына байланысты талаптарды орындамау 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға немесе 15 тәулікке дейін қамауға әкеп соғады. Бұдан өзге, төтенше жағдай жарияланған аумақта билік өкілінің заңды талабына немесе өкіміне бағынбаған азаматтарға 2000 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе алты жүз сағатқа дейін түзеу жұмыстары, не сол мөлшерде қоғамдық жұмыстарға тарту, не екі жылға дейін бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», - деді Алматы облысы Іле аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Марат Күштібаев. 

Ұсталған азаматтардың барлығы Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 476-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазір заңға бағынбағандар 5-тен 8 тәулікке дейін қамалды. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар