10 қаң, 2020 сағат 16:40

Алматы облысында әуежай маңындағы жер телімдеріне тергеу жүргізіліп жатыр – Скляр

Алматы облысында болған ұшақ апатынан кейін әуежай маңындағы жер телімдеріне сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды 24.kz.

«Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Талғар ауданындағы әуежай маңында заңсыз жер телімдерін беру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр», - деп мәлімдеді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр ОКҚ баспасөз мәслихатында.

Айтуынша, 2015-2019 жылдары Талғар ауданында өздерінің қызметтік мәртебелерін пайдаланып әуежай маңынан жер телімдерін беру туралы заңсыз шешім шығару фактілері анықталған.