16 ақп, 2017 сағат 11:27

Алматы облысына жаңа прокурор тағайындалды

Кеше Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың төрағалығымен облыстық активтің отырысы өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Алматы облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

 Отырыста ҚР Бас Прокурорының орынбасары Ерлік Кененбаев облыс активіне Алматы облысының жаңа прокуроры Жылқыбеков Азамат Сембайұлын таныстырды.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов бірінші кезекте Алматы облысының прокуроры болған Миразов Ғабит Төреұлының 5 жылда атқарған жұмысына оң баға беріп, ортақ мүддеге жету мақсатында бірлесе атқарған еңбегі үшін алғысын білдірді.

Отырыс барысында Ерлік Әбдірақымұлы жаңадан тағайындалған облыс прокурорының іскерлік, кәсіби және адами қасиеттеріне жекелей тоқталып, оның прокуратура саласында ұзақ жылдар бойы еңбек өтілінің барын және бұл лауазымды алып жүруіне толықтай білімі мен біліктілігінің жететіндігін атап өтті.

Ескерте кететін болсақ, бұған дейінгі Алматы облысының прокуроры болған Миразов Ғабит Төреұлы Алматы қаласының прокуроры болып тағайындалды.