17 шіл, 2018 сағат 12:06

Алматы облысы әкімі денсаулық сақтау саласы бойынша есеп берді

Аталмыш облыста медицина саласында оңды жұмыстар атқарылып, туберкулез аурулары 5%-ға төмендеген. Бұл туралы Үкімет отырысында Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталов мәлімдеді.  

Алматы облысының алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсету қызметі барлық медициналық ұйымдарда науқастарды басқару бағдарламасы 3 топ бойынша жүзеге асырылып келеді.

«Мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында 7 жобаны іске асыру жоспарланған. Оның ішінде IT саласында White Soft серіктестігімен Алматы облысында медициналық ақпараттық жүйелер кешенін енгізу және ұйымдастыру жобасы жүзеге асырылуда», – деді А. Баталов.

Ағымдағы жылы облысқа денсаулық сақтау саласы бойынша 150 жас маман келген оның 51 әлеуметтік пакеттер алып, 12-не тұрғын үй алуға жеңілдікпен несие берілген, және 14 маман пәтерге ие болған.

«Облыста компьютерлік жабдықтармен жабдықтау көрсеткіші бойынша   90,4 %-ды құрайды. Ал интернет желісіне қолжетімділік 100% орын алған. 2018 жылдың соңына дейін компьютермен жабдықтауды 100%-ға жеткізу көзделіп отыр» – деп айтып өтті Алматы облыс әкімі. 

Сондай-ақ, жүзеге асырылып отырған бағдарлама нәтижесінде 21 көрсеткіштің 7-не қол жеткізілмегенін ескере отырып, ол көрсеткіштерді орындау шаралары қазіргі мезетте іске асырылу үстінде екенін ескертті.

«Жүзеге асырылу керек көрсеткіштердің біріншісі медициналық  ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша жақсартылу жұмыстары жүргізілуде, екіншіден дәрігерлердің біліктілігін арттыру соның ішінде шетелде оқыту мәселесі бойынша жергілікті бюджеттен 2 млн. теңгеден астам қаржы бөлініп отыр, үшіншіден 18 медициналық нысан салынуда, 5 нысанға  күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде», – деп баяндады облыс әкімі.

Сондай-ақ, іске асырылатын басқа жобалармен қоса Алматы облысының денсаулық сақтау саласында күрделі жұмыстар жүргізуге 4,8 млрд. теңге бөлінген болатын. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі механизмін қолдану арқылы Талдықорған қаласында жалпы құны 7 млрд. теңге болатын медициналық ақпараттық жүйелер мен автоматтандыру кешенін енгізудің екі жобасы жүзеге асырылуда. Биылғы жылы міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне көшудің дайындық жұмыстарын аяқталып, денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігі облыста артып келеді.

Облыста мемелекеттік бағдарламаның барлық бағыттары бойынша денсаулық сақтау саласында жұмыстар әрі қарай қарқынды жалғасуда

Айта кетелік, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «ақылды қалалардың»  типтік тұжырымдамасы вице-премьер министр Асқар Жұмағалиевтің бастамасымен Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірге «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингімен»  жүзеге асырылып жатыр.