24 сәу, 2017 сағат 17:23

Алматы метросының барлық станцияларынан жолаушылар эвакуацияланып жатыр

Бомба қойылғаны туралы ақпаратқа байланысты Алматыдағы метроның барлық станцияларынан адамдар қауіпсіз аймаққа көшірілуде, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Метроға бомба қойылды деген жасырын хабарлама ІІБ-на кешкі сағат 7-00-дер шамасында келіп түсті», - деді «Метрополитен» мекемесінің баспасөз хатшысы Ажар Хабиева. 

«Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүріп жатыр, барлық станциялардан адамдар эвакуациялануда. Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірінші кезектегі шаралар қолданылуда. Азаматтарды үрей тудырмай, сабырлық сақтауға шақырамыз. Қосымша ақпараттар жағдайдың қалыптасуына қарай кешірек жарияланады», - деді Алматы қалалық ІІД.