28 қаз, 2019 сағат 09:31

Алматы хайуанаттар бағының экс-директоры «Kazakh Tourism» басшылығына келді

Ержан Еркінбаев «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» Басқарма төрағасының міндетін атқарушы болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Әртүрлі жылдары Ержан Еркінбаев «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортын, «Медеу» биік таулы спорт кешенін, Алматы хайуанаттар бағын басқарған. Оның жаңа қызметке тағайындалуы туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан «Қазақстан Республикасында өңірлік туризмді дамытудағы негізгі мәселелер» конференциясында белгілі болды.

«Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ Қазақстанды туристік бағыт ретінде әлемдік деңгейде алға жылжыту мақсатында 2017 жылы құрылған еді.