#
#
Сенбі 14/12/2019

Алматы қашан 100 үздік қаланың қатарына кіреді?

  • 22.11.2019
  • 0
  • 307

Алматы 20-30 жылдан соң өмір сүру сапасы жағынан әлемдегі ең үздік 100 қаланың қатарына кіреді. Бұл туралы бүгін өткен брифинг барысында қалалық Стратегия және бюджет басқармасының басшысы Нұртас Қайыров мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, «Алматы-2050» стратегиясы осы межеге жетуге мүмкіндік береді.

«Базалық рейтинг ретінде біз «Mercer» рейтингісін аламыз. Бүгінде Алматы бұл рейтинг бойынша 177-орында тұр. Алматының 2050 жылға дейінгі стратегиясының мақсаты биік құжат. 2 онжылдықта жоспарға сәйкес қала әлемдегі өмір сүру сапасы жағынан ең үздік 100 қаланың ішіне кіреді«,- деді қалалық Стратегия және бюджет басқармасының басшысы Нұртас Қайыров.

Оның айтуынша, алдағы 5 жылда қаланың шеткі аудандарын дамытуға 800 млрд теңге жұмсалады. Бұл қаражатқа Алатау және Наурызбай ауданында инфрақұрылымдық желілері жүргізіледі.

Айта кету керек, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев кеше қаланың 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын жариялаған болатын. Құжатқа сәйкес, қала 30 жылда 7 бағыт бойынша дамитын болады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар