#
#
Cәрсенбі 19/06/2019

Алматы-Қапшағай тас жолында 31 көлік бір-біріне соғылды (Видео)

  • 10.01.2019
  • 0
  • 803

Алматы-Өскемен тас жолының 20 шақырымында жаппай көлік апаты тіркелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бүгін 31 көлік бір-біріне соғылып,  5 адам зардап шегіп, медициналық көмекке жүгінген. Қазір оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр», - деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазір оқиға орнынан түсірілген видеолар әлеуметтік желілерге тарауда.

Видео авторларының сөзінше, жаппай көлік апатының болуына жолдың тайғақтығы себеп. Сондықтан көлік жүргізушілеріне автокөліктің жылдамдығын асырмай, барынша абай болуды ескертуде.

 

Ескерту: видеода бейәдеп сөздер бар

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар