08 ақп, 2019 сағат 12:27

Алматы қаласы Мәдениет басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Алматы қаласы Мәдениет басқармасының жаңа басшысы болып Нұрлан Сыдықов тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін ол Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы болған. Түрлі жылдары Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы қызметтерін атқарған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының түлегі.

"Қала әкімі қойған нақтылы міндеттердің ішінен мыналарды ерекше атауға болады, олар мәдениет мекемелерін заманауи рекреационалды және көңіл көтеретін компоненттері бар көпфункционалды және келушілерге бағытталған орталықтарға айналдыру, сонымен қатар жеке инвестицияларды тартуға жағдай жасау, мәдениет пен демалудың инфрақұрылымын дамыту үшін қаржыландырудың баламалы жолдарын қарастыру. Бұлардан өзге, ақпарат, білім, ғылыми-зерттеу технологияларын, озық тәжірибе мен практиканы енгізе отырып мәдени мекемелердің сервистік қызметінің сапасын арттыру. Сонымен қатар туристік индустрияға қатысты қаланың тарихи-мәдени мұрасын дамыту және жүргізү бойынша жұмысты одан әрі жалғастыру" делінген баспасөз хабарламасында.