18 қар, 2019 сағат 11:25

«Алматы» арнасының 20 жылдық мерейтойы тойланбақ

Айтулы мереке 23 қараша күні сағат 16.00-де «Медеу» мұз айдынында өтеді. Кеште танымал эстрада жұлдыздары Әлішер Кәрімов, Бүркіт пен Аиша, Сивиетта Махмуди, Бейбіт Көшқалиев, Серікбол Сайлаубек әннен шашу шашып, ең үздік әндерін тарту етеді. Ал «Q-pop», «CrystalZ», «Оtty», «MalikaYes», «MayBo» және «Бұйра» топтары да бұрын-соңды еш жерде орындалмаған жаңа әндерінің тұсауын кеседі. «Алматы» телеарнасын құттықтау үшін Қазақстанның белгілі мәдениет және спорт қайраткерлері арнайы келеді.

Кеш  қонақтары Алматы қаласы мен телеарна тарихына негізделген қызықты ұтыс ойындарына қатысып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.

«Медеуге» кіру  билеттерін ticketon.kz немесе kassir.kz онлайн кассасынан сатып алуға болады.

Тарихы 1999 жылдан бастау алатын «Алматы» арнасы бүгінде еліміздің барлық өңірлерін қамтыған. Телеарна цифрлық жүйемен хабар таратады.  «Отау ТВ»  спутниктік теледидары арқылы бізді Қазақстанның кез келген бұрышынан көруге болады. Хабар таратудың орташа тәуліктік уақыты – 19 сағат, оның 55% - ы мемлекеттік тілде жүзеге асырылады. Телеарнаның Нұр-Сұлтан қаласында тілшілер қосыны бар. Одан бөлек, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы серіктестерімен тығыз байланыс орнатқан.  

«Алматы» арнасы кино сүйер қауымғашытырман оқиғалы фильмдерді, махаббат мелодрамаларын, қызықты комедиялықтелехикаяларды ұсынып келеді. Ал, жексенбі күндері заманауи үздік  туындылармен қоса алтын қордан алынған классикалық кинофильмдерді көре алады.  Мереке күндері тікелей эфир арқылыойын-сауық шаралар мен концерттер көрсетіліп, көрермен көңілін аулайды.

Бүгінде «Алматы» телеарнасы қала тұрғындарын толғандырған өзекті мәселелерге мән беріп, шешімін бірге табуға барын салуда.