#
#
Сенбі 06/06/2020

Алматы, Ақтөбе және Қызылорда облысында үш адамнан вирус табылды

  • 01.04.2020
  • 0
  • 231

Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 3 адам анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

2020 жылғы 1 сəуір сағат 16:50-дегі жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 3 адам тіркелді. Қызылорда облысында – 1, Ақтөбе облысында – 1, Алматы облысында – 1 адам.

Қазақстанда науқастар саны 372 адамға жетті: 

  • Нұр-Сұлтанда - 184 адам
  • Алматыда - 84 адам
  • Қарағандыда - 14 адам
  • Атырау облысында - 16 адам
  • Ақмола облысында - 16 адам
  • Алматы облысында - 9 адам
  • Қызылорда облысында - 25 адам
  • Жамбыл облысында - 3 адам
  • Шымкентте - 3 адам
  • Батыс Қазақстан облысы - 2 адам
  • Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам
  • Ақтөбе облысында - 4 адам
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 2 адам
  • Павлодар облысында - 1 адам
  • Маңғыстау облысында - 1 адам
  • Түркістан облысында - 5 адам.

Барлығы үш адам вирустан қайтыс болды. 1 сәуірде Қарағандыда 62 жастағы ер адам қайтыс болды. Науқастың диагнозында коронавирустан бөлек екі жақ пневмония, тыныс алу жетіспеушілігі болған. 31 наурызда Нұр-Сұлтанда 50 жастағы ер адам көз жұмды. Дәрігерлер науқаста қант диабеті, қан қысымы, жүрек қантамыр аурулары болғанын айтты. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында 64 жастағы әйел қайтыс болған.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар