20 мам, 2019 сағат 08:58

Әлімханұлы: WBO рейтингі бойынша ТОП-15 боксшылармен кездескім келеді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (6-0, 2КО) алдағы жоспарымен бөлісті. Бұл туралы "Қазақстан кәсіпқой боксы" Вконтакте парақшасында хабарланды.

"Мен WBO рейтингі бойынша ТОП-15 боксшылармен кездескім келеді. Әлем чемпионы титулына жету үшін маған рейтингте көтерілуі керек. Бұл - менің мақсатым", - деп жазды Әлімханұлы Инстаграм парақшасында.

Қазіргі уақытта Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) үздік 15 боксшысының тізімі мынадай:

Чемпион - Деметриус Андраде (27-0, 17КО)

1. Геннадий Головкин (38-1-1, 34КО)

2. Мацей Сулецки (28-1, 11КО)

3. Стивен Батлер (27-1-1, 23КО)

4. Алантез Фокс (25-1-1, 12КО)

5. Брэндон Адамс (21-2, 13КО)

6. Джефф Хорн (19-1-1, 13КО)

7. Люк Килер (16-2-1, 5КО)

8. Лиам Уильямс (20-2-1, 15КО)

9. Риота Мурата (14-2, 11КО)

10. Патрис Вольны (14-0, 9КО)

11. Сергей Деревянченко (13-1, 10КО)

12. Марсело Эстебан Косерес (27-0-1, 15КО)

13. Артем Чеботарев (6-0, 4КО)

14. Ободаи Саи (35-3, 26КО)

15. Жәнібек Әлімханұлы (6-0, 2КО).

Еске сала кетсек, АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында болған соңғы жекпе-жегінде Жәнібек Әлімxанұлы Кристиан Оливасты (16-4, 13 КО) жеңіп, екі титулдық белбеуді иеленген болатын.