18 сәу, 2019 сағат 15:48

Әлихан Смайылов ЕЭК кеңесіндегі Қазақстан өкілі болып тағайындалды

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Қаржы министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесіндегі Қазақстан өкілі болып тағайындалды. Бұл туралы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған бұйырыққа Қазақстан Республикасы президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.  

Айта кетейік, Комиссия кеңесі Одақ шеңберіндегі интеграциялық процесттерді реттейді және Комиссия жұмысына жетекшілік етеді.

Комиссия кеңесінің құрамына заң жүзінде тиісті құзыреттері бар Одаққа- мүше мемлекеттердің Премьер-Министрлерінің орынбасарлары кіреді