01 қыр, 2019 сағат 13:01

Әлихан Смайылов балаларға Үкіметтің қызметі туралы айтып берді

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары- Қаржы министрі Әлихан Смайылов білім күніне орай Нұр-Сұлтан қаласындағы №22 мектеп-гимназияның оқушыларына азаматтық және патриотизм тақырыбында сабақ өткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ә.Смайылов балаларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, өмірдегі ең қызықты кезең, баға жетпес білім мен дағдыларды игеру уақыты, сондай-ақ нағыз достарды кезіктіретін шақ-мектептегі кезең екенін атап өтті.

Ол сабақ барысында Үкіметтің қызметі туралы және Қаржы министрлігіне жүктелген маңызды мәселелер туралы айтты. «Қазіргі уақытта сәттілікке жету үшін үнемі үйреніп, өзінді-өзің жетілдіріп отыруың тиіс. Біз ойлауды және шешім қабылдауды, интеллектуалды және рухани бай тұлға болуды үйренуіміз қажет. Ал өз елінің патриоты болу үшін тарихты оқып, ата-бабаларыңызбен мақтана білуіңіз керек. Оларға лайықты болуға ұмтылу маңызды», - деді Ә.Смайылов оқушылармен әңгіме барысында.

Балалар өз кезегінде қонаққа қызықтырған сұрақтарын қойды.

Кездесу соңында Ә.Смайылов оқушыларға оқуда сәттілік, білімге деген құштарлық пен мақсатқа жетуде табандылық тіледі.