07 қаң, 2017 сағат 09:34

AliExpress Ресейге тауар тасымалдауды тоқтатты

Қытайлық интернет-ретейлер AliExpress SPSR компаниясы арқылы Ресейге жедел тасымал жасауды тоқтатты. Бұл мәселе кедендік рәсімдеумен байланысты туындап отыр, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Тауарларын аталмыш жүйе арқылы саудалайтын азаматтар бұл мәселе жөнінде жазбаша түрде хабарлады. «Бүгінгі күннен бастап, аталмыш алаң коммерциялық мақсаттағы жедел-тасымалдарды жүзеге асырмайды. Олар «Қытай-ресейлік тасымал — SPSR» және «AliExpress алаңсыз тауар тасымалы — бірінші кезекте» атты жүйелердің Ресей арқылы бағытын ресейлік коммерциялық тауар тасымалы жүйесі жұмысын реттегенше, тоқтатты» делінген хабарламада.

Желтоқсан айының соңында жүйені пайдаланушылар шетелден тапсырыс берілген тауарлардың жаппай кешігуіне шағымданған болатын. Көптеген сатып алушылардың мәліметтерінше, тапсырыстар апталап Внуково кеден бекетінде жатады. Бұл қиындықтарды кәсіпкерлердің 11 қараша күні ұйымдастырған жаппай жеңілдікпен сатылым жүргізу шарасымен байланыстырып отыр.