29 қаз, 2016 сағат 16:14

Али Ахмедов әзірбайжан боксшысын алғашқы раундта айқын басымдықпен жеңді

Алматыда өтіп жатқан бокс кешінде қазақстандық боксшы Али Ахмедов әзірбайжандық Али Маммедовті алғашқы раундта айқын ұтты.

Кездесу басталысымен жерлесіміз жойқы соққылар жұмсап, қарсыласын ринг бұрышына тықсырды. Үздіксіз сілтенген соққылардың нәтижесінде әзірбайжан боксшысы жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.

Али Ахметов бұған дейін үш кездесу өткізіп, үшеуінде де жеңген болатын. 

Айта кетсек, бүгінгі бокс кешінде алғаш боп шаршы алаңға көтерілген қазақстандық кәсіпқой боксшы Жұман Жұмабеков беларусь боксшысы Владимир Ивановты айқын басымдықпен жеңді. Екінші боп жұдырықтасқан Айдар Шәрібаев испан боксшысы Хуан Окурадан басым түсті.

"Ұлт ақпарат"