25 ақп, 2021 сағат 16:25

Алғыс айту күні: Алматыда «Ортақ үйіміздегі бейбітшілік пен келісім» атты дөңгелек үстел өтті

Алматы қаласының әкімдігі ҚР Тұңғыш Президентінің мұрағатымен бірлесіп, Алғыс айту күніне арналған «Ортақ үйіміздегі бейбітшілік пен келісім» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Онлайн форматта өткен шара барысында «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты шығармашыл жастардың көрмесі ұйымдастырылды. 

Дөңгелек үстелге түрлі этномәдени бірлестіктердің төрағалары қатысты.

«Алғыс айту күні-бұл өз еліне, өз жеріне, өзінің кіші отанына, өз отбасына алғыс айту мерекесі. Бұл мереке жастарға этностардың алдында қандай қиындықтар болғанын және осы қиындықтардың барлығын біртұтас Қазақстан халқына қалай біріктіргенін жастарға жеткізуге көмектеседі»,-деп атап өтті ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Вакиль Набиев.

Шараға қатысушылар бүкіл қоғамның дамуы үшін халық бірлігінің маңызды екенін атап өтті.

«Бұл мерекенің негізі мен тамырын отызыншы, қырқыншы және елуінші жылдары ата-аналарымыз салған. Көптеген экономикалық, моральдық және тұрмыстық проблемалар туындаған қиын кезеңдер, біздің әкелеріміз бен аталарымыз бір-біріне көмектесу үшін бар күш-жігерлерін біріктірді. Нәтижесінде біз дамыған, жас мемлекет - Тәуелсіз Қазақстанға ие болдық. Осы жылдар ішінде Қазақстан осы жерде тұратын адамдардың достық университетіне айналды», - деді Қазақстанның гректер қоғамының «Филия» ЗТҚ қауымдастығының төрағасы Георгий Иорданиди.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 2016 жылы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Алғыс айту күні 1 наурызда, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні атап өтіледі.