01 мау, 2020 сағат 11:57

Әлеуметтік зерттеу: Көпбалалы отбасыда ерлердің 62,7 пайызы бала тәрбиелеумен айналысады

«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» сарапшылары көпбалалы отбасылардың жағдайы мен дамуы жайлы әлеуметтік зерттеу мәліметтерімен бөлісті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" аталған ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚҚДИ отбасы институтын зерттеу орталығының деректері бойынша, көпбалалы отбасылардың 62,7%-ында ер адамдар балалардың тәрбиесімен әйелдермен тең дәрежеде айналысады. 

«Көпбалалы отбасыларының 34,8% – балаларды тәрбиелеуде жасөспірім балалары көмектесетінін, 17,1% – күйеуінің ата-анасы көмектесетінін, 11,7% – ешкім көмектеспейтінін және сұралған респонденттердің тек 2,7% бала күтуші қызметін пайдаланатынын айтты», – деді ҚҚДИ отбасы институтын зерттеу орталығының сарапшысы Әйгерім Әшімова.

Жасөспірім балалары ата-аналарына өздерінің кіші інілері мен қарындастарын күтуге жиірек көмектесетін өңірлер тізімі мынандай: Қарағанды облысында - 64,2%, Павлодар облысында – 57,8%, Жамбыл облысында – 53,6%, Солтүстік Қазақстан облысында — 50%-дан сәл азырақ көмегін көрсетеді – 47,1%, және Атырау облысында – 46,9%. 

Ата-аналарына баланы күтуге ең аз көмек көрсететін жасөспірімдер Ақтөбе облысында – тек 6,4%.

Қызылорда облысында ата-әжелердің 42,5%-ы немерелерін (жиен емес) күтуге көмек көрсетеді. Солтүстік Қазақстан облысында сұралғандардың 20%-ға жуығында немерелерін күтумен әйелінің ата-аналары (нағашы ата-әжесі) айналысады, Қарағанды облысында 17,6%-ы айналысады. Жиендерін күтумен айналысатын нағашы ата-әжелер ең аз тұратын өңір — Батыс Қазақстан облысы (2,7%), Қызылорда облысында (2,5%) және Ақтөбе облысында (2,1%).

Еске сала өтелік, бұл әлеуметтік зерттеу 2020 жылы ақпан-наурыз айларында өткізілді.