#
#
Cәрсенбі 22/08/2018

Әлемнің үздік аккордеоншысы Астанада концерт бермек

  • 13.06.2018
  • 0
  • 1256

Әлемге әйгілі француз аккордеоншысы әрі композиторы Ришар Гальяно алғаш рет елордалық театрдың сахнасында өнер көрсетпек. «Музыка мерекесі» концерті 17 маусым күні «Астана Операның» Камералық залында өтеді.

Осы күнде елорда тұрғындары мен қала қонақтарына әлемнің үздік аккордеоншысы деп танылған музыканттың өнеріне тәнті болу мүмкіндігі туындап отыр. Ришар Гальяно бандонеон аспабын да асқан шеберлікпен меңгерген. Орындаушы – аты аңызға айналған Астор Пьяццолланың досы әрі шәкірті, классика, джаз және француз шансоны тоғысқан тың музыкалық бағыт – «жаңа мьюзеттің» негізін қалаушы. Ұзақ та жемісті мансабы жолында үлкен сұранысқа ие болған 50-ден астам жеке альбом жазды. Өзінің әлемдік турнелері кезінде беделді халықаралық сахналарда үлкен жетістікпен өнер көрсетіп, көптеген айтулы әртістер, ұжымдармен ынтымақтастықта жұмыс жасады.

Ришар Гальяно 4 жасында аккордеоншы әрі ұстаз әкесі Люсьен Гальяномен бірге фортепиано мен аккордеонда ойнауды үйрене бастайды. Оның өнер саласындағы өзіне тән ерекшеліктері бірнеше рет беделді жүлделермен ескерілді. Ришар Гальяно – Францияның Өнер мен әдебиет орденінің командоры және «Ерен еңбегі үшін» Ұлттық орденінің офицері екендігін атап өткен жөн. Осынау жоғары марапатты оған Франция Республикасының Президенті Франсуа Олланд жеке өзі табыстады.

Танымал әртістің шығармашылығы классикалық музыкадан бастап джазға дейінгі барлық бағытты қамтиды. Қазақстандағы алғашқы өнер көрсетуі алдында Ришар Гальяно елімізбен және оның тұрғындарымен танысу сәтін асыға күтетінін атап өтті.

- Мен Астанада өзімнің «Клодқа арналған танго», «Марго вальсі», Opale Concerto мен Madreperla сынды бірнеше туындыларымды, сонымен қатар А.Пьяццолланың композицияларын орындаймын. Музыка жазған кезде күнделікті өмірден – балаларыммен, достарыммен, ата-анаммен қауышып, жүздескеннен, табиғаттың әсем көріністерінен, түрлі бояуға қанық шынайы сезімдерден шабыт аламын, - деді Ришар Гальяно.

Концерт Францияның Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен өтеді. Басталуы сағат 13:00-де.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар