18 ақп, 2020 сағат 08:45

Әлемнің ең бай адамы климаттың өзгеруіне қарсы күреске 10 млрд доллар бермек

Amazon компаниясының негізін қалаушы және әлемнің ең бай адамы Джефф Безос климаттық қор құрғанын және гранттарды бөлу жұмыстары басталғанын мәлім етті. Бұл туралы ол Instagram желісінде жазды.

Безостың айтуынша, Bezos Earth Fund экологиялық қоры климаттың өзгеруіне қарсы күреске $10 миллиард көлеміндегі гранттарды бөлуді жаз мезгілінде бастайды.

«Біз Жерді құтқара аламыз», - деп атап өтті Amazon басшысы.