25 ақп, 2020 сағат 08:24

Әлемнің ең бай адамдары бір күнде 139 млрд доллар жоғалтты

АҚШ пен басқа да елдерде қор саудасындағы индекстердің айтарлықтай төмендеуіне байланысты әлемнің ең бай 500 адамының жиынтық жағдайы дүйсенбі күні шамамен 139 млрд долларға кеміді. Бұл туралы Bloomberg агенттігі жариялады.

Бұл – 2016 жылдың қазан айында агенттік осындай бақылаулар жүргізе бастаған сәттен бастап есептегендегі рейтингке енгізілген адамдардың жоғалтқан ең көп шығыны. LVMH (Louis Vuitton Moet Hennessy) француз компания тобының бас директоры Бернар Арно мен Amazon корпорациясының басшысы Джефф Безостың әрқайсысы 4,8 млрд доллардан айырылған. Олар - тізімге енген аса бай бизнесмендердің арасындағы ең көп шығынға ұшырағандар. Безос бұрынғыша әлемдегі ең бай адам, ал Арно аталған көрсеткіш бойынша үшінші орында тұр. Zara испандық сауда желісінің қожайыны Амансио Ортеганың жағдайы 4 млрд долларға, Facebook компаниясының басшысы Марк Цукербергтікі 3,48 млрд долларға, ал Google компаниясының негізін қалаушы Ларри Пейдждікі 2,7 млрд долларға азайған.

Агенттіктің бағалауына сәйкес, ресейлік миллиардерлердің ішінен соңғы тәулікте «Лукойлдың» президенті Вагит Алекперов бәрінен көп ақша жоғалтты. Оның қаржысы 1,21 млрд-қа азайған. Екінші орында – «Новатэк» басшысы Леонид Михельсон (692 млн доллар), үшінші орында «Лукойл» вице-президенті Леонид Федун (508 млн доллар).

АҚШ-тағы қор саудасы дүйсенбі күні жаңа коронавирустың таралуы әлемдік экономикаға залал келтіруі мүмкін деген қауіптерге орай баға белгіленімдерінің төмендеуімен аяқталды.