30 нау, 2017 сағат 08:56

Әлемнің әдеби картасында Қазақ елін Айтматов шығармасы таныстырады

Британдық The Independent басылымы әлемнің әбеди картасын шығарды. Онда Қырғызстаннан әлем әдебиетінің классигі Шыңғыс Айтматовтың "Жәмила" повесі ұсынылған.

Бұл картада Қазақстанды Айтматовтың тағы бір шығармасы - "Ғасырдан да ұзақ түн" ("The Day Lasts More Than a Hundred Years") романы таныстырады.

Басылым осы шығармалар арқылы басқа да мәдениеттерді жақынырақ білуге болатынын жазды.

Өзбекстанды - Том Бисселдің "Теңізге шығар жол" шығармасы, Тәжікстанды - Андрей Волостың "Хуррамабад" романы, ал Түркіменстанды - Ак Вельсапардың "Айпи туралы аңыз" шығармасы арқылы тануға болады. Ресей атынан Лев Толстойдың "Бейбітшілік және соғыс" романы ұсынылған. Картаға әлемнің 197 елі енген.

centralasian.org