#
#
Жексенбі 18/08/2019

"Әлемнің 134 елінде алты жастан мектепке барады" - Аймағамбетов

  • 17.07.2019
  • 0
  • 347

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балаларды 6 жасынан мектепке қабылдау тәртібіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат".

Бұдан бұрын хабарланғандай, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров балаларды 6 жастан мектепке қабылдауға қатысты министрге үндеу жолдаған еді.

«Омбудсменнің үндеу хатына тоқталсақ, бұл ақпаратты жаңалықтардан оқыдым. Менің ойымша, біз бұл үндеуді ресми түрде қарастырып, белгіленген тәртіпте жауабын береміз. Өздеріңіз білесіздер, үш жыл бұрын бұл норма қабылданып, заңға енгізілді. Сондықтан бұл норма жаңалық емес. Сонымен қатар, айыппұл салынады дегенді нақтылай алмаймын, яғни балалар алты жасынан мектепке бармағаны үшін бізде айыппұл қарастырылмаған», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, 2014 жылы еліміз бойынша бірінші сыныпқа 320 мың бүлдіршін барып, оның ішінде 60 пайызы алты жаста болған.

«Өткен жылы да 6 жасынан мектеп табалдырығын аттаған бала санына талдау жүргіздік, олардың 80 пайызға жуығы алты жасында оқушы атанды. ЮНЕСКО мәліметі бойынша әлемнің 134 елінде алты жастан мектепке барады. Әрине, балалардың дербес ерекшеліктері бар және осыны біз ескеруіміз керек», - деді А. Аймағамбетов.

Министр өз баласын да мектепке алты жасында бергенін және бұл шешімге еш өкінбейтінін атап өтті.

Сондай-ақ, ол мектеп формасына қатысты түсінік берді.

«Мектеп формасы бойынша Білім және ғылым министрлігінің 26-шы бұйрығы күшіне енгеніне бірнеше жыл болды. Ондағы негізгі нормалар аясында мектеп формасы зайырлы сипатқа ие. Сондықтан мектеп формасына қатысты тиісті талаптар қарастырылған. Атап айтқанда, жаңа оқу жылы қарсаңында қандай да бір елеулі өзгерістерді бізде ешкім де енгізіп жатқан жоқ», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар