22 қаң, 2019 сағат 17:05

Әлемдік рейтингке кірген қазақстандық боксшылар кімдер?

BoxRec.com беделді сайты жекпе-жектердің қорытындылары бойынша жасаған статистикалық есептерге сүйеніп, қазіргі кездегі Қазақстанның үздік 10 боксшысының есімін жариялады. Бұл туралы ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасында хабарланды.

Ондағы бірінші орын ұзақ уақыт бойы WBC, WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы болған Геннадий Головкинге (38-1-1, 34 КО) берілген. BoxRec рейтингіндегі оның ұпай саны - 263.

Қазақстандық үздік 10 боксшының тізімі:

1. Геннадий Головкин (38-1-1, 34КО) - 263

2. Батыр Жүкембаев (14-0, 12КО) - 50

3. Мейірім Нұрсұлтанов (10-0, 8КО) - 32

4. Айдос Ербосынұлы (10-0, 8КО) - 26

5. Бейбіт Шүменов (18-2, 12КО) - 24

6. Әли Ахмедов (13-0, 10КО) - 23

7. Абылайхан Құсайынов (9-0, 6КО) - 22

8. Бобиржан Моминов (9-0, 8КО) - 20

9. Нұрсұлтан Жаңабаев (6-0, 4КО) - 19

10. Руслан Мәдиев (12-1, 5КО) - 19.