23 мам, 2020 сағат 08:37

Әлемде коронавирус жұқтырғанғандар 5,3 млн-ға жетті

23 мамырда әлемде коронавирус жұқтырғанғандар 5,3 млн-ға жетті, деп хабарланды ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комитеттің Telegram-дағы парақшасында.

«Әлемде індет жұқтырған 5 308 354 адам (+111 357 адам тәулік ішінде) тіркелген. Вирустан қайтыс болғандар - 340 064 (+5 390) адам. Індеттен жазылғандар - 2 162 797 (+78 657) адам», делінген хабарламада.