#
#
Cәрсенбі 01/04/2020

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 475 мыңнан асты

  • 26.03.2020
  • 0
  • 121

Әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 475 мыңнан асып жығылды. Бір тәулікте 2400-ден астам адам қаза болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті ұсынған ақпаратқа сүйенсек, 26 наурыз таңындағы жағдай бойынша, дүниежүзі бойынша COVID-19-ға шалдыққандар саны 475 087-ні құрады. Статистика бір тәулікте 50 865 адамға артты. 

Қайтыс болғандар – 21 400, бір тәулікте – 2407 адам. Жазылып шыққандар саны 110 658, бір тәулікте – 4852 адам. 

Қазақстанда 26 наурыз сағат 08:25 жағдай бойынша, індетті жұқтырғандар саны 88-ге жетті: 

Нұр-Сұлтан қаласында - 46 адам, Алматы қаласында – 34, Қарағанды қаласында - 2, Шымкент қаласында - 2, Алматы облысында - 1, Ақтөбе облысында - 1, Жамбыл облысында - 1, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар