31 мам, 2018 сағат 08:48

Әлемде қаншама адам темекі шегеді?

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының жаңа баяндамасында темекі шегу көрсеткішінің деңгейі азайғаны, алайда соның салдарынан болатын жүрек аурулары және инфекциялық емес аурулардан қайтыс болатын немесе зардап шегетін адамдар көрсеткіші азаймағаны айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымның сайтына сілтеме жасап. 

Темекінің әсерінен жылына жүрек ауруынан қайтыс болатындардың көрсеткіші 44 пайыз, яғни 17,9 миллион адам. 

"Көптеген адам темекі шегудің обыр және өкпенің қабынуына алып келетінін біледі, алайда көбісі темекінің түтінінен жүрек ауруы мен инсультке алып келетінін білмейді, бұлар өлімге алып келетін аурулар", - деді БДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус.

Көп нәрсе білмеуден болады, мысалы ересектер арасында Жаһандық тексеріс барысында Қытайдың 60 пайыз тұрғыны темекі шегудің жүрек талмасына алып келетінін білмейді. Үндістан мен Индонезияда ересектердің жартысынан көбі темекі шегудің инсультке алып келетінін білмейді. 

БДСҰ жаңа баяндамасында 2000-2025 жылдары аралығында темекі шегудің салдарынан жылына 7 миллион адам қайтыс болатыны айтылады. 2000 жылдары әлем тұрғындарының 27 пайызы темекі шеккен, ал 2016 жылы осы көрсеткіш 20 пайызға азайған. 

Бүгінде әлемде темекі шегетін ересектер саны шамамен 1,1 миллиард адам, ал түтінсіз темекі қолданатындары саны - 367 миллион адам.

2000 жылы 43 пайыз ер адамдар 15 жастан бастап темекі шеккен, 2015 жылы бұл көрсеткіш 34 пайызға төмендеді. 2000 жылы 11 пайыз әйелдер темекі шеккен, 2015 жылы 6 пайызға түскен. 13-15 жас аралығында темекі шегетін адамдар - 24 миллион (17 миллион бала, 7 миллион қыз).