17 қаз, 2019 сағат 07:07

Әлемде 150 миллион баланың дамуында кешеуіл бар – ЮНИСЕФ

Әлемде 5 жасқа дейінгі әр үшінші бала тойып тамақ ішпейді. Алты ай мен екі жас аралығындағы балалардың үштен екісі қажетті нәрлі тағамдарды жемейді, деп хабарлайды UNICEF.

БҰҰ Балалар қорының мәліметтеріне сенсек, дұрыс тамақтанбау салдарынан әлемде 150 миллион баланың дамуында кешеуіл бар, ал 50 миллион бала артық салмақтан қиындық көріп отыр.

Сонымен қатар мамандар мектеп жасындағы балалардың жартылай фабрикат пен фастфудты көп тұтынатынын атап өткен. Соның кесірінен 5 пен 19 жас аралығындағы әр бесінші балада артық салмақ байқалған. Бұл проблемаларды шешу үшін ЮНИСЕФ балаларға арналған тамақ өнімдерінің жарнамасын азайтуды қолға алу керектігін айтты.

«Әлемде технологиялық, мәдени және әлеуметтік прогресс бар, соған қарамастан балалардың өмір сүру сапасы әлі де көңіл көншітпейді. Миллиондаған бала басқа таңдауы болмағандықтан пайдасыз рационды тұтынуға мәжбүр», - дейді ЮНИСЕФ басшысы Генриетта Фор.