#
#
Жексенбі 07/06/2020

Әлем елдері карантиндегі азаматтарды қалай бақылайды – Der Spiegel

  • 01.04.2020
  • 0
  • 173

Әлемде коронавирус кең тарады. Дегенмен, оған қарсы шаралар бірдей. Еуропа, АҚШ, Үндістан, Қытай карантинде жатқан адамдарды қалай бақылайды? Бұл мәселені Der Spiegel зерттеп көрді.

«Гонконгте карантиндегі азаматтар электронды браслет тағады. Қытайда пәтер есігінің алдына 14 күнге камера орнатылады. Сонымен қатар Қытай күніне 116 млн маска шығаратындықтан, азаматтардың барлығы маска тағады. Оңтүстік Кореяда пандемия басталғалы маскалар сұраныста болғанымен, қазір мемлекет маска сатылымына бақылау енгізген. Мұнда бір адам бір аптада екі маска ғана сатып ала алады, сонымен қатар жеке куәлік көрсету міндеттелген», - деп жазады автор. 

Оның айтуынша, Оңтүстік Кореяда адамдардың жүріп-тұруы шектелгенімен, азаматтар 2 метр арақашықтықты сақтауға тырысады. 

«Мәскеуде азаматтар тек медицналық көмек алу үшін немесе дүкенге бару үшін ғана үйінен шыға алады. Дегенмен, бұл міндеттелмегендіктен, талаптың орындалуы да қиынға соғып жатыр. Ал Испанияда иттер дефициті байқалады. Мұның себебі – бұл мемлекетте тек үй жануарын далаға шығаруға ғана рұқсат берілген. Басқа жағдайда 600-ден 30 мың евроға дейін айыппұл төленеді», - деп жазады автор. 

Ал Италияда әлеуметтік дағдарыс дендеп барады. Сондықтан үкімет көмек қажет ететін азаматтарға азық-түлік карточкасын таратып жатыр. Мемлекет тегін азық-түлік тарату мақсатына 400 млн евро бөлген. 

«Ал Парижде үйсіздерге ақша беру сап тыйылды. Дегенмен, үкімет оларды орналастыру үшін қонақүйлерден орын дайындап жатыр. Бұл инфекция жұқтыру көрсеткішін азайту мақсатында қолға алынып отыр. АҚШ-та да үй-күйі жоқтар заманауи қонақүйлерге орналасу мүмкіндігіне ие болуы мүмкін. Сан-Франциско мыңдаған қонақ үй нөмірін үйсіздерді орналастыруға немесе короанвируспен ауыратындарды жатқызуға дайындап жатыр. Ал Нью-Йоркте Манхэттендегі конференция орталығы мың адамға арналған уақытша ауруханаға айналады. Дегенмен, мұның өзі жеткіліксіз. Нью-Йоркте 140 мың орын қажет, ал қазір тек 53 мыңы бар», - деп жазады автор. 

Оның айтуынша, Австрия астанасы Вена қаласында полиция қарт адамдарға дүкеннен азық-түлік әкеліп береді. Ал Үндістанда карантинде жатқан адамдардың қолына арнайы белгі қойылады. Осылайша олардан азаматтар аулақ жүріп, беймарал жүргендерді полицияға тапсыра алады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар