07 қаз, 2019 сағат 16:08

Әлем чемпионы титулдарын жеңіп алған Головкин рейтингте төмен сырғыды

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) екі дәрежелі орта салмақтағы әлем чемпионы титулдарын жеңіп алды, алайда оның жеңісі Boxrec.com порталының көңілінен шыққан жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Геннадий Головкин Нью-Йоркте төрешілердің шешімі бойынша 115-112, 115-112, 114-113 есебімен украиналық боксшы Сергей Деревянченконы жеңген еді. Алайда BoxRec 37 жастағы қазақстандық боксшыны бұл айқасынан кейін балдық-рейтингтік жүйеде төмен түсіруді жөн көрді. Геннадий орта салмақтағы боксшылардың арасында екінші орында қалды, алайда BoxRec-те жинаған ұпайлары 1422-ден 1277-ге түсіп кетті. Ал Деревянченко керісінше 493,7 ұпайға ие. Оның GGG-мен жұдырықтаспас бұрын ұпайы 332,4 болған еді.

Boxrec.com сайтында мексикалық боксшы Сауль Альварес (52-1-2, 35 КО) алда келе жатыр. Боксшы WBC-тің «франчайзингтік» чемпионы болып табылады, сондай-ақ WBA Super белдігіне ие. Сайттағы оның ұпай саны - 1637.