#
#
Бейсенбі 12/12/2019

«Әлем барысы»: Қазақ пен орыс палуаны чемпиондыққа таласады

  • 02.12.2019
  • 0
  • 439

«Әлем барысы» әлем чемпионатының жартылай финалында Ресей палуаны Роман Бобиков Өзбекстан палуаны Мухсин Хисамиддиновпен белдесті. Тартысты өткен белдесуде Ресей палуаны жеңіске жетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Айта кетейік, өткен жылы Ресей палуаны Роман Бобиков Грузия палуаны Гурам Тушишвили боз кілемге шықпағандықтан үшінші орын алған еді. Сол жылдың 23-24 маусымында Батумиде өткен қазақ күресінен бірінші Еуропа чемпионатында ол 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде бас жүлде иеленген.

Ал, биыл ақтық жекпе-жеке дейін жетіп отыр. Енді ол Әлем барысы атану үшін Айбек Нұғымаровпен белдеседі.

Осы белдесуге дейін барлық қарсыласын ұтып келген Айбек Нұғымаровтың «Қазақстан барысы» (2013), «Әлем барысы» (2017), қазақ күресінен 4 дүркін Әлем чемпионы (2010, 2013, 2014, 2016), қазақ күресінен 4 дүркін Азия чемпионы (2008, 2009, 2014, 2018) сынды атақтары бар. Сонымен қатар ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы бар спортшымыз «Құрмет» орденінің де иегері.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар