#
#
Бейсенбі 12/12/2019

«Әлем барысы»: Ресей палуаны чемпион атанды (Видео)

  • 02.12.2019
  • 0
  • 562

«Әлем барысы» әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Ақтық сында отандасымыз Айбек Нұғымаров Ресей палуаны Роман Бобиковке есе жіберді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылғы «Әлем барысы» чемпионатында Ресей палуаны Роман Бобиков Грузия палуаны Гурам Тушишвили боз кілемге шықпағандықтан, үшінші орын алған еді. Сол жылдың 23-24 маусымында Батумиде өткен қазақ күресінен бірінші Еуропа чемпионатында ол 100 келіден жоғары салмақ санатында бас жүлде алған болатын.

Бұған дейін «Әлем барысы» әлем чемпионатының қола жүлде үшін белдесуде отандасымыз Мақсат Исағабылов өзбек палуаны Мухсин Хисамиддиновтен басым түскенін хабарлаған едік.

«Әлем барысы» чемпионатының биылғы жүлде қоры - 20 миллион теңге. Жеңімпаз атанған балуанға 10 млн теңге және алтын белбеу, екінші орын иегеріне 6 млн теңге және үшінші орын иегеріне 3 млн теңге, сәйкесінше олар күміс және қола белбеулермен марапатталады. Ал, «Жеңіске деген жігері үшін» сыйлығының иегері атанған спортшыға 1 млн теңге беріледі. Сондай-ақ, жылдағы дәстүрге сай жанкүйерлер арасында автокөлік ойнатылады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар