#
#
Бейсенбі 12/12/2019

«Әлем барысы»: Айбек Нұғымаров финалға шықты (Видео)

  • 02.12.2019
  • 0
  • 423

«Әлем барысы» әлем чемпионатының жартылай финалында екі қазақ палуаны Айбек Нұғымаров пен Мақсат Исағабылов белдесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Тартысты өткен белдесу барысында Айбек қарсыласы Мақсатты екі рет жартылай жеңіс әдісімен ұтып кетті. Ал Мақсаттың қола жүлде үшін таласуға мүмкіндігі бар.

Айта кетерлігі, Айбек Нұғымаров бұған дейін «Қазақстан барысы» (2013), «Әлем барысы» (2017), қазақ күресінен 4 дүркін Әлем чемпионы (2010, 2013, 2014, 2016), қазақ күресінен 4 дүркін Азия чемпионы (2008, 2009, 2014, 2018) атанған болатын. Сонымен қатар ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы бар спортшымыз «Құрмет» орденінің де иегері.

Айта кетейік, төртінші рет өтіп жатқан бәсекеге 30 елден 33 балуан қатысуда.

«Әлем барысы» атануға АҚШ, Аустралия, Әзербайжан, Бразилия, Грекия, Грузия, Үндістан, Иран, Испания, Италия, Камерун, Конго, Корея, Куба, Қырғызстан, Литва, Моңғолия, Нидерланды, Пәкістан, Польша, Ресей, Словения, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Украина, Эстония, Япония секілді елдердің және Қазақстанның атақты балуандары келген.


0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар