26 мау, 2019 сағат 18:29

Алексей Луценко Қазақстан спартакиадасында топ жарды

Бүгін Щучинск қаласында велоспорттан Қазақстан спартакиадасы басталды, деп хабарлайды olympic.kz.

Алғашқы жарыс күнінде ерлер арасында 40 шақырымдық бәсеке өтіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Ел Спартакиадасында Алексей Луценко чемпион атанды. Ол 40 шақырымды 49:50,372 уақыт көрсеткішінде жүріп өткен. Екінші орында Павлодар облысының өкілі Дмитрий Груздев. Груздевтің көрсеткіші - 51:00, 039. Данил Фоминых 51:21,061 уақыт көрсеткішімен үздік үштікті қорытындылады. Артем Захаров төртінші, Жандос Бижігітов бесінші орында.