08 қаң, 2018 сағат 10:53

Алдағы үш тәулікте қар жауып, боран соғады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері алдағы үш күндегі ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстанға Ресейдің еуропалық бөлігінен атлантикалық циклонмен байланысты атмосфералық фронттар ауысады. Алдағы үш тәулікте республиканың көптеген өңірлерінде алдымен жылы, сосын суық атмосфералық фронттардың әсерінен қар жауып, боран соғады. Батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-23 м/с дейін жетеді. Ауа температурасының жоғарылауы және көктайғақ болады деп болжануда.