28 ақп, 2020 сағат 09:49

Алдағы үш тәулікте елімізде ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 29 ақпан және 2 наурыз аралығына арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Қазақстанға қар, бұрқасын әкелген Арктикалық суық ағындарды антициклон алмастырады. Күнтізбе бойынша қыстың соңғы демалыс күндерінде және көктемнің бірінші күнінде республиканың көптеген облыстарында жауын-шашынсыз, жылы ауа райы болады, айналаның көрінуі нашарлататын тұман күтіледі», делінген болжамда.

Ал батыс облыстарда кезекті ағындар көшіп келіп, мұнда бұлтты және жауын-шашынды ауа райы, көктайғақ және екпінді жел күтіледі. Қазақстанның барлық аймақтарында температура орташа көпжылдықтан жоғары болады.