#
#
Дүйсенбі 24/02/2020

Алдағы үш күнгі ауа райы болжамы

  • 23.01.2020
  • 0
  • 297

«Қазгидромет» РМК 23-25 қаңтар аралығындағы ауа райы қандай болатынын жариялады,  - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

 «Қазақстанда алдағы үш тәулікте ауа райында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Республиканың басым бөлігі Ресей және Скандинавия түбегінің солтүстік аймақтары арқылы жылжитын атлантикалық циклондармен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында қалады. Сондықтан көптеген облыстарда қар, бұрқасын, батыстан екпінді жел соғатыны күтіледі. Солтүстік облыстарда желдің күші 30 м/с жетуі мүмкін. Сондай-ақ тұман мен көктайғақ болжанады. Ауа температурасы орташа көпжылдық нормадан 5...8°С, солтүстік облыстарда 8…13°С жоғары сақталады», - деді синоптиктер.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар