#
#
Дүйсенбі 16/12/2019

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

  • 20.11.2019
  • 0
  • 340

«Қазгидромет» РМК 21-23 қараша күндеріне ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазақстанға Карск теңізінен келген суық ауа массалары республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарында күннің суытуына себепші болды. Түнгі ауа температурасы -28...-32 градусқа дейін төмендесе, күндіз -18…-23° градус аяз болды. Бұл орташа көпжылдық мәннен 8…13°С-қа төмен.

Енді Арктикалық суық ауа ағындары оңтүстік бағытқа қарай ығысады. Соған байланысты кей жерлерде қар жауып, бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан екпінді жел соғып, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында ауа температурасы төмендейді», - делінген хабарламада.

Ал, 22-23 қарашада солтүстік облыстарда Батыс Сібірдің солтүстігінен келетін кезекті циклонға байланысты аяздың беті қайтады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар