#
#
Бейсенбі 24/10/2019

Алдағы үш күнде еліміздің бес өңірінде күн суытады

  • 23.09.2019
  • 0
  • 331

Қазақстанның бес өңірінде күн суытуына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

24 қыркүйек түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 1-3 градус суық болады. Петропавлда 24 қыркүйекте түнде топырақтың беткі қабатында 1-3 градус үсік жүреді. Күннің күрт суыту ықтималдығы 90-95%.

25-26 қыркүйекте түнде Қарағанды облысының кей жерлерінде 1-3 градус суық болады.

24 қыркүйек күні түнде Қостанай облысының кей жерлерінде 1-3 градус суық болуы мүмкін. Қостанай қаласында солтүстік-батыс, батыс бағыттан жел соғып, оның жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. Күннің суыту ықтималдығы 90-95%.

24 қыркүйекте Ақтөбе облысында батыс, оңтүстік-батыстан жылдамдығы 15 м/с болатын жел соғады. Түнде және таңертең тұман түседі. Күннің күрт суыту ықтималдығы 90-95 %.

24 қыркүйекте Ақмола облысында күн күркіреп, бұршақ жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. 25-26 қыркүйекте түнде 1-3 градус суық болады. 24 қыркүйекте Көкшетауда найзағай ойнап, батыс, оңтүстік-батыстан жылдамдығы 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с болатын жел соғады. 25-26 қыркүйекте түнде топырақтың беткі қабаты 1-3 градусқа дейін суиды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар