24 ақп, 2020 сағат 10:14

Алдағы үш күнде елімізде күн күрт жылынып, жаңбыр жауады

Синоптиктер 25-27 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Алдағы күндері Сібір антициклоны ықпалымен жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, бірақ Қазақстанның көптеген аймақтарында түнде және таңертең көріну қашықтығы 500 метрден төмен тұман түсуі ықтимал. Республиканың батыс аймақтарына жауын-шашын және көктайғақ әкелетін атмосфералық ағындар ығысуда. Бұл фронттарды Атлант мұхитынан келетін кезекті циклон әкеледі. Сондықтан жауын-шашынмен қатар ауа температурасы жоғарылайды. Ағындардың батыстан шығысқа көшуіне байланысты Қазақстанның қалған бөлігінде де жауын-шашын мен көктайғақ күтіледі», делінген хабарламада.

Синоптиктердің мәліметіне, алдағы үш тәулікте ауа температурасы климаттық нормадан 4...12°C аномалды жоғары болады.