#
#
Сейсенбі 20/08/2019

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

  • 12.06.2019
  • 0
  • 492

Синоптиктер 13-15 маусым аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

Солтүстік теңіздерден келетін ылғал және салқын ауаның түсуі жалғасатындықтан ауа райында өзгеріс болмайды. Қазақстанның көптеген облыстарының кей жерлерінде алдағы үш тәулікте найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады. Екпінді жел тұрады. Сонымен қатар, күндізгі уақытта бұршақ жауады.

Ауа температурасы қысқа мерзімге жоғарылағанымен, кейін қайта төмендейді. Республикамыздың басым бөлігінде температура орташа көпжылдық мәннен төмен болады. Тек Маңғыстау облысында күн ыстық болады. Өңірде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар